Негізгі Жаңалықтар Қызылжар ауданында 53 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Қызылжар ауданында 53 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Қызылжар ауданында 53 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Бескөл ауылындағы аудандық мәдениет үйінде №269 сайлау учаскесі орналасқан. Мұнда 1600-ден астам сайлаушы тіркелген. Дауыс беру барысын тілшіміз баяндасын.

Өз таңдауын жасап, дауыс беруге келгендердің қатарында егіз әпкелі-сіңлілі Диана мен Даяна Мәмбетәлиновалар да бар. Олар бұл күнге ерекше жауапкершілікпен қарайды.

ДИАНА МЕН ДАЯНА МӘМБЕТӘЛИНОВАЛАР– ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ

Дауыс беру барысында тұрғындар жергілікті билік органдарының өкілдерін сайлайды. Олар халықтың мүддесін қорғап, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелерді шешуге атсалысады.

ОКСАНА ЕВСЮКОВА – №269 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ 

Алғаш рет дауыс беретіндер мен бүгін туған күнін атап өтіп жатқандарға арнайы сыйлықтар әзірленген. Учаскеде туған күн иелерінің саны – үшеу.

 Сайлау учаскесіне аудан әкімі Бейбіт Исманов та келіп, өз таңдауын жасады. Бұл күні дауыс беруге аға буын өкілдерімен қатар жастар да белсенді қатысуда. Сонымен қатар, учаске аумағында жәрмеңке ұйымдастырылған. Мұнда тұрғындар күнделікті қажетті азық-түлік өнімдерін сатып алып, ыстық шай іше алады.


Бөлісу