Негізгі Жаңалықтар Өрт қауіпсіздігі онкүндігі

Өрт қауіпсіздігі онкүндігі

 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй секторында 214 өрт оқиғасы тіркелген. Былтырғы қыс мезгілінде тілсіз жау 31 адамның өмірін қиды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығына сәйкес, 21 қарашадан бастап еліміздің барлық өңірінде өрт қауіпсіздігі онкүндігі басталды. Акция аясында құтқарушылар тұрғын үйлерді, мектептерді, балабақшаларды, ауруханаларды, жатақханалар мен басқа да әлеуметтік нысандарды тексеріп жатыр. Әсіресе жалғызілікті зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға басымдық берілуде. 

Сенбі күні таңертең құтқарушылар Петропавлдағы Жұмысшы кенті, Михеев көшесінің 2-ші өткелінде орналасқан үйге келді. Бұл жолы олар төтенше жағдай бойынша емес, өрттің алдын алу мақсатында арнайы рейдке шыққан. Мамандар тұрғын үйдің пеші мен мұржасын, электр сымдарының жарамдылығын тексеріп, бөлмеге улы газды анықтайтын датчик орнатты

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірге іс-шараға «Әділет» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері де атсалысты. Олар пеш алдына темір қаңылтыр төсеп, қабырғадағы саңылауларды бітеді және пешті әктеп берді. Айта кетейік, белсенді жастардың мұндай игі істерді атқаруда мол тәжірибесі бар

СНХР: НҰРСӘУЛЕ СЕРҒАЛИҚЫЗЫ - ЕРІКТІ

Бұл үйде бес бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы тұрады. Отбасындағы бірінші сынып оқушысы Максим Новокрещенский өрт қауіпсіздігі ережелерін жақсы біледі екен. Ол құтқарушылардың тарту еткен сыйлығына да дән риза болды. Мамандар балақайға өрт сөндіргіш пен алғашқы медициналық көмек қобдишасын табыстады.

СНХР: МАКСИМ НОВОКРЕЩЕНСКИЙ

Жылыту маусымы басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында 28 өрт тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе аз.

СНХР: САЯН АХМЕТЖАНОВ - ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ 

Күн суытқан сайын жылыту пештері мен электр құрылғылары тәулік бойы дерлік үздіксіз жұмыс істейді. Мұндай кезеңде пештегі ақаулар, мұржаның бітелуі немесе ескірген электр сымдары қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Құтқарушылардың айтуынша, түтін мен улы газды анықтайтын датчиктер қауіп туралы дер кезінде дабыл қағуға көмектеседі. Әсіресе тұрғындар шырт ұйқыда жатқан түнгі уақытта бұл құрылғылардың маңызы зор.


Бөлісу