Темірге жан бітірген ұста
Мағжан Жұмабаев ауданының Писаревка ауылында тұратын Дмитрий Нападов қара темірден ерекше бұйымдар жасайды. Ол ұсталық өнердің жібін үзбей, оны бүгінге жалғаған санаулы шебердің бірі. Темір ұстасы жасаған раушан гүлдері, жануарлар мен ертегі кейіпкерлері көпшіліктің таңданысын тудырып жатады. Шебердің ұстаханасында түсірілім тобы болып қайтты.
Бір қызығы, шебердің бұл өнерді оқып үйренген арнайы білімі жоқ. Дмитрий Нападовтың қызығушылығы мектепте басталған екен. Туысы болып келетін ауылдың темір ұстасының жанынан шықпай, алғашқы тәлімін содан алған. Осылайша, жастайынан көріктің отын үрлеп, балға ұстаған бала кейін кәсіби маманға айналды.
СНХ: Дмитрий Нападов, темір ұстасы
Ұстаның күні таңертеңнен кешке дейін шағын ғана шеберханасында өтеді. Бірер жыл бұрын зейнет демалысына шыққан Дмитрий бұл жерде қиялына қанат бітіріп, авторлық туындыларын өмірге әкеледі.
Қазақ халқының дүниетанымында ұсталық - ерекше киелі кәсіп, ал ұстахана - рухтар мен тылсым күштер мекендейтін қасиетті орын саналған. Ежелгі түркілер темірді бағындырған шеберлерді бақсылармен тең көріп, оларға ерекше құрметпен қараған, киесі бар деп есептеген. Тіпті, ауыр дертке шалдыққан адамдарды ұстаның дүкеніне түнетіп, көрікпен үрлеп емдейтін ғұрыптар болған.
СНХ: Дмитрий Нападов, темір ұстасы
Ұстаның қолында балқыған темір әп-сәтте көздің жауын алатын әсем дүниеге айналады. Қазір шебер жасаған бұйымдар Үндістанда, Шри-Ланка, АҚШ, Германия сияқты елдерде бар.