Негізгі Жаңалықтар «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы

«Қауіпсіз балалық шақ» акциясы

Өрт шыққан жағдайда не істеу керек? Көмекке қайда жүгінген жөн? Отпен ойнаудың қаупін білудің маңызы қандай? Бұл ережелер балаларға балабақша жасынан бастап үйретіледі. Солтүстік Қазақстан облысында республикалық өрт қауіпсіздігі онкүндігі аясында мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде. Кезекті «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы «Балдәурен» балабақшасында ұйымдастырылды.

Әдеттегі сабақтардың орнына – ойындар мен тақырыптық тапсырмалар. Балалар танымдық эстафеталарға қатысып, өз білімдерін сынады. Құтқарушылардың жұмысымен танысып, түрлі қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін үйренді. Мұндай тәсіл маңызды ақпаратты балаларға жеңіл жеткізіп, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға көмектеседі.

СНХР: АЙНҰР ШАЙМЕРДЕНОВА, ҚАЛА ӘКІМНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Балабақша ішіндегі қауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлінді. Алдын алу шараларының бірі – терезелерге арнайы бекіткіштер орнату. Олар балалардың терезе жақтауын өз бетінше кең ашуына жол бермей, жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектеседі. Құрылғыларды Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп орнатуды жоспарлап отыр.

СНХР: ЕРЖАН ШӘРІПОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Алдын алу шаралары – мамандар жұмысының бір бағыты ғана. Өңірде өрт қауіпсіздігі саласына заманауи технологияларды енгізу бағытында да жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, робототехникалық жобалар мен бүлдіршіндерге арналған жаңа оқыту құралдары әзірленіп жатыр.

СНХР: МАДИНА ДАРБАЕВА, «БАЛДӘУРЕН» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Мамандардың айтуынша, бала қауіпсіздік ережелерін неғұрлым ерте меңгерсе, төтенше жағдайда абдырап қалмай, дұрыс әрекет ету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Бөлісу