Негізгі Жаңалықтар Жаңа Конституция – ұрпақ болашағының кепілі

Жаңа Конституция – ұрпақ болашағының кепілі

Диктор: Жаңа Ата Заң – мемлекеттің даму бағытын айқындап, қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін маңызды құжат. Конституция әрбір азаматтың ел өміріне араласуына, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына және болашақ ұрпақтың дамуына жол ашады. Ардагер ұстаз, қоғам қайраткері Жангелді Уақпанұлы Тәжин жаңа Конституцияның осы мүмкіндіктерін ерекше атап өтеді. Ұзақ жылдар бойы білім саласында еңбек еткен азамат үшін ұстаздық дәстүрді жалғастыру, жас ұрпақтың сапалы білім алуы және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну айрықша маңызды. Оның пікірінше, Ата Заңда бекітілген құқықтар әр азаматқа өзінің қабілеті мен біліміне сүйене отырып, ел дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

ТКС: Жангелді Тәжин – бірнеше буын ұстаздар тәрбиелеп шығарған педагогтер әулетінің өкілі. Сондықтан ол үшін білім мен тәрбие, ұрпақтар арасындағы сабақтастық – өмірлік ұстаным. Ардагер ұстаз жаңа Конституцияның жас буынға берер мүмкіндіктеріне зор сенім артады. Оның айтуынша, Ата Заң азаматтардың білім алуына, кәсіби тұрғыда дамуына ғана емес, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласып, мемлекеттік басқару ісіне қатысуына да құқықтық негіз қалыптастырады. Өзі бірнеше шақырылым бойы қалалық мәслихат депутаты болған ол халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізу арқылы азаматтық белсенділіктің маңызын жақсы түсінеді. Бұл – Конституцияда көзделген құқықтардың күнделікті өмірде жүзеге асуының нақты көрінісі.

СНХ: Жангелді Тәжин – ардагер ұстаз, қоғам қайраткері

Бөлісу