Жолдаудағы маңызды міндеттер талқыланды
Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген мәселелер – ел дамуының негізгі бағыттары. Петропавлда «Әділет» партиясының белсенділері «Қызылжар су» серіктестігінің ұжымымен кездесіп, құжатта айтылған міндеттерді талқылады. Басқосуда жол инфрақұрылымын дамыту, ауызсумен қамту және коммуналдық желілерді жаңғырту мәселелеріне басымдық берілді.
Кездесуде Мемлекет басшысының елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларына ерекше назар аударылды. Өңірде әлі де орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған ауылдар бар. Ал қаладағы су құбырларының тозығы жеткен. Сондықтан желілерді кезең-кезеңімен жаңарту – күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Жиынға қатысушылардың айтуынша, су тарифінің өзгеруі де инфрақұрылымды жөндеуге қажетті қаржы көздерінің бірі болмақ. Бұл ретте түскен қаражат кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және желілерді қалпына келтіруге жұмсалады.
СНХР: ВЛАДИМИР КОЗЛОВ — «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ
Сондай-ақ кездесуде жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі сөз болды. Қатысушылар сапалы жолдың өңір экономикасы үшін маңызын атап өтті. Өйткені өндіріс, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларының дамуы көлік қатынасына тікелей байланысты. Басқосуда суды үнемдеу мен оны тиімді пайдалану қажеттігі де айтылды. Партия белсенділері мен кәсіпорын ұжымы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асырудың маңызын атап өтті.
СНХР: МҰРАТБЕК ӘБІШЕВ — «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Мұндай кездесулер Мемлекет басшысының бастамаларын халық арасында түсіндіруге және сала мамандарының пікірін ескеруге мүмкіндік береді. Тараптар алдағы уақытта да өзара байланыс орнатып, ортақ мәселелерді талқылауға уағдаласты.