Теріскейлік шаруалар Астанада өткен "Соғым Fest" жәрмеңкесіне қатысты
Қазақ халқы қыстың қамын жаз ойлап, соғымын ерте сайлаған. Бұл – ежелден келе жатқан дәстүр. Бүгінде осы үрдіс заманауи жәрмеңкелерде де жалғасын тауып отыр. Астанада тұрғындарға қысқы азығын қолжетімді бағамен қамдауға мүмкіндік беретін «Соғым Fest» жәрмеңкесі өтті. Оған Солтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілері де қатысып, саудаға 8 тонна ет өнімін шығарды. Бағалары дүкендегіден 15-20 пайызға төмен.
Сауда-саттық "Jurt" базарында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде жылқы етінің келісі - 3500, сиыр еті 3300 теңгеден саудаланды. Таңсәріден сауда қызу жүріп жатыр. Барлығы теріскейден әкелінген өнімді алуда. Сауда сөрелері өңіріміздің құнарлы топырағында өсірілген, кәсіпорындарында өндірілген тауарларға лық толы.
ДӘУРЕН ТОКУЖИНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Уәлиханов ауданының тауарөндірушілері шараға 2 жылқы етін жеткізген. Әрқайсысының қоңы жақсы, семіз күйде. Жыл басынан аудан шаруалары 20-дан астам республикалық және облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысыпты. Бірде-бір рет әкелген өнімдерін қайта әкетпеген. Барлығын белгіленген уақытқа жетпей саудалаған.
ҚАЙСАРБАЙ КӨЗЖАНОВ, "ҚАЙСАРБАЙ" ЖК БАСШЫСЫ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ:
Айыртау ауданынан елорда төріне жеткізілген етке қызығушылық танытқандардың қатары көп болды. "Әміржанова" жеке кәсіпкерлігі Астанада өткен жәрмеңкелерден қалған емес. Сатушысы Жазира Исаханова мұндай шаралардың жиі өтуі кәсіпкерге де, халыққа да өте тиімді деп санайды.
ЖАЗИРА ИСАХАНОВА, "ӘМІРЖАНОВА" ЖК САТУШЫСЫ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ:
Сауда алаңына шығарылған барлық ет өнімі алдын ала тексеруден өткен, сапасына бақылау жасалды. Бұл - тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кету керек, жыл сайын елде ет өндірісі қарыштап дамып келеді. Экспорт көлемі де артуда.
БАҒЛАН АЙМҰРЗАЕВ, ҚР АШМ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Жәрмеңкеге келушілер өнім құнының төмендігі мен сапасын ерекше айтуда. Шара барысында елорда тұрғындарымен тілдестік. Араларында теріскейлік етті сағынып келген бұрынғы жерлестеріміз де бар.
Өңірден әкелінген ет өнімдері толықтай саудаланды. Айта кетейік, Астанада "Соғым Fest" жәрмеңкесі жыл соңына дейін жалғасады. Теріскейліктер еңбеккерлер шараға апта сайын қатысуды жоспарлап отыр.