Негізгі Жаңалықтар СҚО-да «FlyArystan» әуе компаниясымен меморандум жасалды

СҚО-да «FlyArystan» әуе компаниясымен меморандум жасалды

Облыстық әкімдікте «FlyArystan» әуе компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Онда әуе қатынасын дамыту және өңірдің көлік қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Жиын соңында тараптар одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келіссөздерге Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев төрағалық етті. Оның айтуынша, өңірдің агроөнеркәсіптік және экспорттық әлеуеті зор. Сонымен қатар туризм саласын дамытуға да басымдық беріліп отыр. Осы бағыттардың барлығы көлік және логистика саласының қолжетімділігін арттыруды қажет етеді. Бұл өңірдің экономикалық дамуына тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.

аударма

ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Қазіргі таңда FlyArystan компаниясы Орталық Азиядағы лоукостерлер арасында жетекші орынға ие. Әуе компаниясының әуе паркі 29 ұшақтан тұрады. Ол ішкі және халықаралық бағыттар бойынша рейстер орындайды. Әсіресе Қытайға қатынайтын әуе рейстеріне сұраныс жоғары. Кездесу барысында компания өкілдері Солтүстік Қазақстан облысымен ынтымақтастық орнатудың мүмкіндіктері мен перспективалары туралы баяндады.

МАРАТ АЙНАБЕКОВ, «FLYARYSTAN» АҚ КОРПОРАТИВТІК КОММУНИКАЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Кездесу қорытындысы бойынша облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен әуе компаниясы арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта Петропавлдан Астана, Алматы және Шымкент қалаларына әуе рейстері қатынайды. Жаңа құжат қосымша бағыттар ашуға және рейстер санын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Алғашқы кезеңде Алматыға қатынайтын рейстер жиілігін көбейту жоспарланып отыр. Кейін Астана мен еліміздің батыс өңірлеріне қатынайтын рейстерді арттыру көзделген.



Бөлісу