Негізгі Жаңалықтар Петропавлда AI-кеңсе ашылды

Петропавлда AI-кеңсе ашылды

Өңірде жаңа форматтағы цифрлық – AI(эйай)-кеңсе ашылды. Заманауи орталық тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға, жаңа технологияларды меңгеруге және цифрлық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Ашылу салтанатына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев пен облыс әкімінің аппарат басшысы Руслан Әлішев қатысты. Келесі сюжетке зер салайық.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға баса назар аударды. Жаңа кеңсе де осы бағыт аясында жұмысын бастап отыр. Орталықта тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі кедергісіз алуға барлық жағдай жасалған. Арнайы жабдықталған аймақтарда құжат рәсімдеп, қажетті анықтамаларды онлайн форматта өз бетінше алуға болады. 

СНХ: АРМАН КЕНЖЕҒАЛИЕВ - «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КЕАҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Заманауи кеңседе оқыту кабинеті де бар. Яғни, азаматтарға сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге цифрлық сауаттылық бойынша сабақтар өткізіледі. 

СНХ: РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ:

Петропавлда ашылған AI-офис – еліміздегі осындай форматтағы жетінші орталық. Жоба аясында алдағы уақытта әр облыста осындай бір цифрлық кеңсе ашу жоспарланып отыр. 

Бөлісу