Петропавлда «QYZYLJAR QOLONER» фестивалі өтті
Дәстүрлі өнердің заманауи үлгісі. Петропавлда «QYZYLJAR QOLÖNER» фестивалі өтті. Іс-шараға қолөнер шеберлері, дизайнерлер мен жас авторлар қатысып, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Фестиваль ұлттық мұра мен заманауи үрдістерді тоғыстырған шығармашылық алаңға айналды.
Фестиваль бағдарламасында креативті индустрия өкілдері мен сарапшылар қатысқан пленарлық отырыс өтті. Онда қолөнер қауымдастығын дамыту, авторлық брендтерді таныту және шеберлерге жаңа мүмкіндіктер ашу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жергілікті авторлардың туындылары қойылған жәрмеңке ұйымдастырылды.
СНХР: ЖАЙНАГҮЛ ОСПАНОВА, QYZYLJAR CREATIVE CENTER ДИРЕКТОРЫ
Қолдан жасалған әшекейлер, түрлі аксессуарлар, ағаштан, моншақтан, киізден және эпоксидті шайырдан жасалған бұйымдар. Әр туынды – шебердің ізденісі мен маңдай терінің жемісі. Фестиваль қолөнершілерге өз жұмыстарын таныстырып қана қоймай, жаңа тұтынушылар табуға да мүмкіндік берді.
СНХР: ГАУХАР САҒИТОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:
Бағдарлама аясында шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды. Қонақтар ұлттық нақыштағы табиғи тастардан білезік жасауды, гүл композицияларын құрастыруды және ұсақ моншақтармен жұмыс істеуді үйренді. Фестиваль дәстүрлі қолөнердің заман талабына сай жаңарып, жаңа сипатта дамып келе жатқанын көрсетті.