Негізгі Жаңалықтар SКО HUB-тағы технологиялық бәсеке

SКО HUB-тағы технологиялық бәсеке

Ұшқышсыз ұшу аппараттары бүгінде түрлі саланың дамуына тың серпін беріп отыр. Технологияға қызығушылық танытқан жастар Sko Hub алаңында бас қосты. Мұнда алғаш рет облыстық дрон турнирі ұйымдастырылып, қатысушылар дрондардың ұшу шеберліктерін сынады. Сонымен қатар өздерінің тың жобаларын таныстырып, технологиялық мүмкіндіктерін ортаға салды. Жалпы, байқауға 90-нан астам өтінім түскен және 11 жоба ұсынылды.

 Дрон технологиялары ауыл шаруашылығындағы жұмысты жеңілдетіп, егістік алқаптарының жағдайын қашықтан бақылауға мүмкіндік береді. Осы бағытта М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті Нариман Сүлейменов командасымен бірге жоба ұсынды. Өнертапқыштар жасанды интеллект пен дрон мүмкіндіктерін ұштастырып, аграрлық салаға арналған жаңа шешім әзірлеген.  

СНХ: НАРИМАН СҮЛЕЙМЕНОВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ

Дрон басқару бойынша сайыс өңірде алғаш рет өткізіліп отыр. Қатысушылар ұшқышсыз ұшу апараттарының шеберліктерін көрсетіп, дайындаған жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Турнирде бақ сынау үшін 90-нан астам өтініш келіп түскен,11 тың жоба таныстырылды. Сонымен қатар, дрондар көрмесі де қанат жайды. AgroPilot компаниясы ұсынған ірі агродрон ерекше назар аудартады. 

СНХ: ЕРНАР ҚАЗБЕКОВ - «BOTAI CREATIVE IT CENTER» ЖЕТЕКШІСІ 

Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Технологиялық жоба авторларына 150 мың теңге беру көзделген.

Бөлісу