Жаңаберген Қармандаевты еске алу турнирі өтті
Петропавл қаласында грек-рим күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанаберген Сүлейменұлы Қармандаевты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Дүбірлі жарысқа Қазақстанның 20 өңірінен, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Армения және Өзбекстаннан келген 100- ге жуық спортшы қатысты.
Жанаберген Қармандаев- Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тумасы, отандық күрестің дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Еңбек жолын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін Арқалық пен Петропавл қалаларында грек-рим күресінен жаттықтырушы болып еңбек етті. Оның шәкірттерінің қатарында жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Асхат Құдайбергенов пен жастар арасындағы Азия чемпионы Нұрдаулет Есмұратов бар. Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен және ХАЛЫҚАРАЛЫҚ FILA күрес федерациясының алтын орденімен марапатталған. 2021 жылдан бері Петропавлда Жанаберген Қармандаевты еске алуға арналған республикалық турнир дәстүрлі түрде өтіп келеді. Сайыстың басты мақсаты- бапкердің спорттық мұрасын дәріптеу және еліміздегі грек-рим күресін одан әрі дамыту.
СНХР: МЕЙРАМ ХАМЗИН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТӨРЕШІ: