Негізгі Жаңалықтар Президент Жолдауы іс жүзінде: СҚО-да бірінші кезеңі аяқталған «СК АГРО 2050» ірі сүт кешені іске қосылды

Президент Жолдауы іс жүзінде: СҚО-да бірінші кезеңі аяқталған «СК АГРО 2050» ірі сүт кешені іске қосылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы, Алтын дән ауылдық округіне қарасты Советское ауылында заманауи агроөнеркәсіптік кешен «СК АГРО 2050» тауарлы- сүт фермасының ауқымды жобасы жүзеге асырылуда. Бұл кешен Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешенді жедел дамыту, шикізаттық үлгіден терең өңдеуге көшу және Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін бүкіл республика бойынша тарату жөніндегі Жолдауындағы тапсырмаларын іс жүзінде орындаудың жарқын үлгісі болып табылады.

Бүгінгі таңда жобаның бірінші кезеңі толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. 63 гектар аумақта жоғары технологиялық өндірістің сенімді іргетасы қаланды: 10 миллиард теңге инвестиция тартылып, жергілікті тұрғындар үшін 40-тан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Қазірдің өзінде фермада тәулігіне 36 тонна сүт өндіретін 1 200 сауын сиыр бар. Кешеннің іске қосылған инфрақұрылымына 100 басқа арналған заманауи «карусель» сауын-сүт блогы, 800 басқа арналған қора, төлдеу блогы, бұзау қоралар, сыйымдылығы 30 мың тонналық сүрлем траншеялары, сондай-ақ сағатына 1 тонна өнім беретін жеке құрама жем зауыты кіреді.  

СНХ: НИКОЛАЙ КЛЯЙН – ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Кәсіпорын өнімділікті арттыру мақсатында шетелдік тәжірибеге сүйеніп, әлемдегі сүт бағыты бойынша көшбасшы саналатын голштино-фриз сиырларды жерсіндіруде. 

СНХ: ВЛАДИМИР СЕРГЕЕВ – ТАУАРЛЫ – СҮТ ФЕРМАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ

 Ендігі кезекте екінші кезеңді жүзеге асыру арқылы кәсіпорынды республикадағы ең ірі агрокешен деңгейіне шығару көзделіп отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі 30 миллиард теңгеге дейін ұлғайып, жұмыс орындарының саны 106-ға жетеді. Жалпы мал басы 12 мыңға, ал сауын сиырлар саны 4 200-ге дейін артып, бұл өндірілетін сүт көлемін тәулігіне 150 тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. 







Бөлісу