Заң мен тәртіп: Петропавлда тазалық талаптарын бұзғандар анықталды
Петропавлдағы Набережная көшесінде екі «Shacman» жүк көлігінің жүргізушілері көлік тұрағын рұқсатсыз қоқыс орнына айналдырған. Полицейлер бұл заң бұзушылықты «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өткізілген рейд барысында анықтады. Көлік иелері анықталды. Абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі бойынша ескерту жасалады. Сонымен қатар жүргізушілер өздері қалдырған қоқыстың барлығын жинап, аумақты тазалауы тиіс. Тағы бір заң бұзушылық Борки кентінде анықталды. Жер учаскесінің иесі ескі құрылыстарды бұзғаннан кейін қалған қоқысты шығармаған. Оған қатысты бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Заңнамада мұндай әрекет үшін айыппұл қарастырылған. Полицейлер елді мекендердің тазалығы мен санитариялық жағдайын сақтау «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды бөлігі екенін атап өтеді.
СНХР: ҚАНАТ ЖҰМАБАЕВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ