Архив саласындағы цифрлық жаңашылдықтар
Архив саласы да уақыт талабына сай жаңарып келеді. Құжаттарды электронды форматта сақтау, жүйелеу және қолжетімділігін қамтамасыз ету - бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта Петропавлда архив саласының 50-ден маманының басын қосқан республикалық семинар өтті. Екі күнге созылған кездесу жайлы әріптесім баяндайды.
Семинарда мамандар «Е-Архив» жүйесінің мүмкіндіктерімен танысып, электрондық құжаттарды қабылдау, өңдеу және мемлекеттік сақтауға өткізу тәртібін меңгерді. Осындай жиындар жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жолғы басқосуға Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары мен Астана қаласынан келген мамандар қатысып отыр.
СНХ: САЛТАНАТ ТАЩАНОВА – АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ АРХИВ ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Е-Архив» ақпараттық жүйесінің басты ерекшелігі – екі модульден тұруында. Оның бірі ведомстволық архивке, екіншісі мемлекеттік архивке арналған. Жүйе құжаттарды электронды түрде қабылдап, оларды реттеуге және сақтау мерзімі аяқталған соң мемлекеттік архивке өткізуге мүмкіндік береді. Осылайша, қағазбастылықты азайтып, архив қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге жол ашады. Қазақстанның бұл тәжірибесі шетелдік әріптестердің де қызығушылығын тудырып отыр.
СНХ: САЛТАНАТ ТАЩАНОВА – АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ АРХИВ ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Оқыту барысында электрондық құжаттарға қойылатын талаптар да кеңінен түсіндірілді. Әсіресе құжаттарды дұрыс рәсімдеу, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру және қызметтік пайдалануға арналған ақпаратпен жұмыс істеу тәртібіне басымдық берілді.
СНХ: АЛМА ТАСТЕМІРОВА ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ РЕСТАВРАЦИЯ ЖӘНЕ КОНСЕРВАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ:
Семинар архив саласының 50-ден астам маманын біріктірді. Мұндай оқыту шаралары мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, құнды құжаттарды цифрлық форматта ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік береді.