Негізгі Жаңалықтар Президент Жолдауы: Адал кәсіп пен қолдаудың жаңа үлгісі

Президент Жолдауы: Адал кәсіп пен қолдаудың жаңа үлгісі

Ел экономикасының күретамыры – шағын және орта бизнеске жаңа серпін берілмек. Президент Жолдауында көтерілген маңызды мәселелердің бірі кәсіпкерлерге тең мүмкіндік беру және әділ бәсекелестік ортасын қалыптастыру.

Бүгінде бұл саланың ішкі жалпы өнім үлесі 40 пайызға, ал жұмыспен қамту көрсеткіші 50 пайызға жуықтағанымен, шешімін таппаған түйіндер жетерлік. Мәселен, екі миллионнан астам кәсіпкердің ішінде нақты өнім өндіретіндер үлесі әлі де алты пайызға жетпейді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін заңнамалық базаны ретке келтіріп, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру міндеті тұр. Мемлекет экономикаға негізсіз араласатын компаниялардың санын азайтып, адал жұмыс істейтін бизнес өкілдеріне қолайлы жағдай жасауды басты бағдар етіп отыр.

СНХ: ПЕТР ШАРАПАЕВ – «РАДУГА» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Бөлісу