Өңірді газдандыру жұмыстары талқыланды
Солтүстік Қазақстан облысында өңір үшін маңызы зор тарихи жоба – көптен күткен табиғи газдың келуі қызу талқыға түсті. СҚО әкімі Гауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен алқалы жиынға салалық министрліктер мен ұлттық компаниялардың, сондай-ақ аудандар мен ірі кәсіпорындардың басшылары қатысты. Олар алдағы жұмыс барысын пысықтап, ауқымды құрылысты 2030 жылға қалай толық аяқтау керектігін ортаға салды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізді газдандыру жұмыстарын жеделдетіп, халықты көгілдір отынмен қамту деңгейін 80 пайызға жеткізуді қатаң тапсырған еді. Әзірге негізгі отын ретінде көмірді пайдаланып отырған Солтүстік Қазақстан облысы үшін бұл – өмірлік маңызы бар стратегиялық қадам. Табиғи газдың келуі тұрғындардың тұрмыс жағдайын айтарлықтай жақсартып қана қоймай, экоахуалды жақсартуға, зиянды қалдықтарды азайтуға және өңірде жаңа өндіріс орындарын ашуға кең жол ашады.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Солтүстік аймақты көгілдір отынмен қамту – бұл тек қана эстетикалық немесе инфрақұрылымдық жаңару емес, бұл – өңірдің экологиясын жақсартып, халықтың тұрмыс сапасын арттыратын маңызы зор ауқымды шаруа.
аударма 232 0:07
АСҚАР ҚОНАҚБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ГАЗ ӨНЕРКӘСІБІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бұл бағыттағы техникалық жұмыстардың барысы кезең-кезеңмен жүріп жатыр. Мәселен, Санкт-Петербургте өткен халықаралық газ форумында Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» арасында меморандумға қол қойылып, болашақ газ құбырының негізгі параметрлері нақтыланды.
АБЗАЛ ҚИСМЕТОВ, «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Өңірді толық газдандыру үшін 1 мың шақырымға жуық газ желісі тартылады. Жиын қорытындысында облыс әкімі жыл соңына дейін елді мекендердің кезек тәртібін бекітіп, қаржы мен жоба мәселесін шешуді тапсырды. Барлық жұмыстың уақытылы орындалуына және жер мәселесінің дұрыс шешілуіне қала мен аудан әкімдері тікелей жауапты.