29 қазан - күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Бүгін – күзет ұйымдарының қызметкерлері күні. Биыл Қазақстан Республикасының мамандандырылған күзет қызметінің құрылғанына 74 жыл толып отыр. Мемлекеттік маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілікті талап ететін басты міндеттердің бірі. Осы орайда, Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Үкімет қаулысына сәйкес мемлекеттік қорғаудағы нысандардың қауіпсіздігін қатаң түрде қадағалап, міндетін абыроймен атқарып келеді.
Бүгінде басқармада 300-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Олар тәулік бойы, ауа райының қолайсыздығына, мереке және демалыс күндеріне қарамастан, өздеріне сеніп тапсырылған нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Күзет қызметі – қырағылықты, жоғары жауапкершілікті, темірдей тәртіп пен кәсіби шеберлікті талап ететін сала.
СЕРІК ТҰРСЫМБАЕВ, СҚО МКҚБ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы асқан қырағылықты талап етеді. Нысандағы қауіпсіздік ережелері қатаң сақталып, кез келген күдік туғызған жағдайда жедел топ дереу әрекет етеді. Осылайша, тәртіп сақшылары өз міндеттерін мінсіз атқарып, өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр. Бұл жауапты салада ерлермен қатар әйел қызметкерлер де қажырлы еңбек етіп жүр.
ДАРЬЯ ФРОЛОВА, СҚО МКҚБ 1 ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙІ:
Басқарма ішінде арнайы музей жұмыс істейді. Мұнда ведомствоның қалыптасу тарихы мен ардагерлердің ерлік жолын көрсететін құнды жәдігерлер жинақталған.