Негізгі Жаңалықтар Decentrathon 6.0 хакатонының өңірлік кезеңі басталды

Decentrathon 6.0 хакатонының өңірлік кезеңі басталды

Солтүстік Қазақстан облысының 150-ден астам әзірлеушісі нақты бизнеске арналған технологиялық шешімдер әзірлеу үшін бас қосты. Петропавлда Decentrathon (ДицентратОн) 6.0 республикалық хакатонының өңірлік кезеңі басталды. Қатысушылар екі күн ішінде жасанды интеллект пен GameDev, яғни ойын әзірлеу бағыттары бойынша жобалар дайындап, 1 миллион 500 мың теңге көлеміндегі жүлде қорын сарапқа салады.

Екі күн бойы қатысушылар Grandmobile және SOUP(соуп) компаниялары ұсынған нақты бизнес-міндеттерді шешумен айналысады. Ұйымдастырушылар үш бизнес-кейс әзірлеген. Командаларға жай ғана идея ұсыну жеткіліксіз. Олар тәжірибеде қолдануға болатын толыққанды техникалық шешім әзірлеуі тиіс. Әр бағыт бойынша жеңімпазға 500 мың теңгеден беріледі. Хакатонның өңірлік кезеңін Солтүстік Қазақстан облысындағы Astana Hub филиалы - SKO Hub ұйымдастырып отыр.

СНХР: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА – SKO HUB ДИРЕКТОРЫ:

Decentrathon (ДицентратОн) - еліміздің түкпір-түкпіріндегі IT мамандарын, студенттер мен кәсіпкерлерді біріктіретін алаң. Хакатон Қазақстанның 19 өңірінде бір мезгілде өтеді. Қатысушылар өз мүмкіндіктерін сынап, нақты міндеттерді шешу тәжірибесін жинақтайды және әзірлеген жобаларын сарапшылар назарына ұсынады. Бұл - Солтүстік Қазақстан облысындағы IT қауымдастығының әлеуетін танытуға да мүмкіндік. Өткен жылдары өңір командалары республикалық деңгейде жоғары нәтижелер көрсеткен. 

СНХР: АРУЖАН ТӨЛЕБАЕВА – KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТІ:

Хакатон аяқталғаннан кейін барлық жоба сарапшылардың бағалауынан өтеді. Қазылар алқасы әзірленген шешімдердің жұмыс істеу мүмкіндігіне, тапсырмалардың орындалу жылдамдығына, техникалық жүзеге асырылу тиімділігіне және құжаттаманың сапасына назар аударады. Жеңімпаздар жобаларын қорғау қорытындысы бойынша анықталады.


Бөлісу