Нашақорлықтың алдын алуға арналған форум өтті
Петропавлда нашақорлықтың алдын алуға арналған форум өтті. Ашық диалог форматында ұйымдастырылған кездесуге 300-ден астам студент, оқытушы, психолог және тәрбие ісіне жауапты маман қатысты. Жиында есірткі қылмысының адам өміріне келтірер зияны туралы айтылды. Толығырақ келесі сюжеттен көрейік.
Есірткі қылмысына қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл – қоғам дерті, ортақ жұмысты талап етеді. Сондықтан, жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Форум «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткізіліп отыр.
СНХ: ЖАНАТ КӘКІМОВ – СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ:
Биыл тәртіп сақшылары есірткі қылмысына қатысты 217 құқықбұзушылықты анықтады. Заңсыз айналымнан 512 келі есірткі тәркіленген. Оның ішінде 9 келісі – синтетикалық түрі.129 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
СНХ: ЗАРИНА ПОПОВА — СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Заң талаптары мен статистикалық деректер мәселенің бір қырын ғана көрсетеді. Ал есірткі қылмысының адам өміріне қалай әсер ететінін түсіну үшін нақты тағдырларға үңілу керек. Сондықтан, осы кездесу қаншама адамға ой салары сөзсіз.