Негізгі Жаңалықтар Петропавлда фотофестиваль өтіп жатыр

Петропавлда фотофестиваль өтіп жатыр

Петропавл қаласында «Қала. Адамдар. Көзқарас» атты фотофестиваль өтіп жатыр. Іс-шара шаһардың тыныс-тіршілігі мен тұрғындардың тарихын объектив арқылы жеткізетін фото шеберлерінің басын қосты. Байқаудың үздік жұмыстары ақшалай жүлделермен марапатталады.

Әрбір сәтті кадрдың артында – ізденіс, қырағылық пен тұтас бір тарих жатыр. Фотобайқау авторларға өз жұмыстарын қалың көрерменге ұсынуға, шығармашылық қырын көрсетуге және қазылар алқасының жоғары бағасын алуға мүмкіндік береді.

СНХР: ЖАЙНАГҮЛ ОСПАНОВА QYZYLJAR КРЕАТИВ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қатысушылар қатарында ақтық сынға жолдама алған авторлар да бар. Бұл олар үшін өз туындыларын көпшілікке таныстыруға, кадр сыртында қалған қызықтармен бөлісуге және фотосуреттерді түсіруге не шабыттандырғанын айтып беруге тамаша мүмкіндік.

СНХР: ИГОРЬ ТРАВКИН, ФОТОГРАФ:

 Әр суреттің өз тарихы, әр автордың өзіндік қолтаңбасы бар. Фотофестиваль жеңімпаздарының есімдері байқау қорытындысы бойынша анықталады. «Қала. Адамдар. Көзқарас» көрмесі – күнделікті тіршіліктен ерекше сәттерді байқай білетін жандардың көзімен сүйікті Петропавлды жаңа қырынан көруге жол ашады.


Бөлісу