Негізгі Жаңалықтар Шығармашылық шеберхана

Шығармашылық шеберхана

Өз әлеуетін ашып, тосын образдарды сомдап, көрермен алдында өзін еркін ұстауды үйрену. Kozybayev University-де жаңа шығармашылық үйірме ашылды. Бастама студенттердің креативті ойлау қабілетін дамытып, сахна тілін меңгеруіне және тұлғалық өсуіне бағытталған. Толығырақ тілшіміздің сюжетінде.

Студенттердің алғашқы сабағы мазмұнды әрі қызықты өтті. Қатысушылар өздерін танымал мультфильм кейіпкерлерінің бейнесі арқылы таныстырды. Осындай ойын түріндегі тәсіл жастарға қысылуды жеңіп, өздерін еркін сезінуге көмектесті.

СНХ: ПАВЕЛ ПРИТОЛЮК — «ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

 Шығармашылық шеберханаға кез келген курс пен мамандықтың студенттері қатыса алады. Мұнда қатаң талаптар жоқ. Әркім өз ойын еркін жеткізіп, шығармашылыққа жақын жандармен танысып, пікірлес таба алады.

 Шығармашылық қабілет, анық сөйлеу және актерлік шеберлік студенттерге сабақ барысында да, болашақ кәсіби қызметінде де қажет. Алдағы уақытта шығармашылық шеберханада әзіл-сықақ қойылымын, сахналық спектакль мен мюзикл қою жоспарланып отыр.

Бөлісу