Негізгі Жаңалықтар Бас алаңда жаңа сахна

Бас алаңда жаңа сахна

Петропавл қаласының бас алаңында мерекелік шаралар, концерттер мен көпшілік іс-шараларын өткізуге арналған заманауи сахна бой көтерді. Сахналық кешенді RWS Wagon кәсіпорны жасап шығарыпты. Жаңа сахна үлкен LED-экрандармен, заманауи дыбыс және жарық жүйелерімен жабдықталған. Оның салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Серік Мұхамедиев қатысып, қаланы дамыту мен абаттандыруға үлес қосқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Толығырақ тілші материалында.

Бұған дейін қалалық мерекелер мен концерттер үшін уақытша сахналар орнатылып, іс-шара аяқталған соң қайта жиналатын. Енді Петропавлдың бас алаңында түрлі концерттер, фестивальдер мен мәдени-көпшілік шараларын өткізуге арналған тұрақты сахналық кешен пайда болды. Нысанның орталық бөлігінде аумағы 60 шаршы метр болатын LED-экран орнатылған. Сонымен қатар екі бүйіріндегі экрандардың әрқайсысының көлемі 28 шаршы метрді құрайды. Жаңа сахна салтанатты жағдайда ашылды. 

СНХ: ДАНИС АРАСЛАНОВ – RWS WAGON КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Сахналық кешен заманауи дыбыс және жарық құрылғыларымен де жабдықталған. Бұл түрлі форматтағы мәдени-көпшілік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа сахнаның ашылуына орай ұйымдастырылған мерекелік концертте Солтүстік Қазақстан облысының өнерпаздары өнер көрсетті.

СНХ: ДӘМЕШ ҚҰРМАНКИНА – АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ СОЛИСІ:

Мерекелік концертке жиылғандардың қарасы қалың. Көрермендер жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалап, жаңа сахнаның мүмкіндіктерімен танысты.


Бөлісу