Кандидаттардың сайлау шығындары белгіленді
Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау науқанына жұмсайтын шығындарының мөлшері белгіленді. Тиісті қаулыға Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қол қойды. Құжатқа сәйкес, кандидаттардың сайлауалды бағдарламасын телеарна мен радио арқылы таныстыруға, сондай-ақ баспасөзде немесе интернет-басылымдарда екі мақала жариялауға 410 мың теңге бөлінеді. Жария сайлауалды іс-шараларын өткізу мен үгіт-насихат материалдарын әзірлеуге 180 мың теңге қарастырылған. Ал көлік шығындарын өтеуге 110 мың теңге бағытталады. Бұл қаражат Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға республикалық бюджет есебінен өтеледі.