«Экоұрпақ: бастамадан іске дейін»
Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, табиғат тазалығына қамқорлық жасау әр адамның күнделікті дағдысына айналуы керек. Мектеп қабырғасынан басталған экологиялық тәрбие үлкен өзгерістерге жол ашуы мүмкін. Петропавлдағы №4 орта мектепте «Экоұрпақ: бастамадан іске дейін» атты облыстық волонтерлік жасақтар мен жасыл клубтардың слеті өтті. Оған қала мен Солтүстік Қазақстан облысының бес ауданынан келген жүз оқушы қатысып, өз жобаларын таныстырды, тәжірибе алмасты және практикалық сабақтарға қатысты.
Климаттық қобдиша, тақырыптық ойындар мен әртүрлі жастағы балаларға арналған сабақтар. Тимирязев ауданындағы Ақжан негізгі мектебінің «Жасыл компас» клубы осындай әдістерді қолданады. Бірлестік Қорғалжын экологиялық обсерваториясының «Климаттық мектеп» бағдарламасы аясында жұмыс істейді. Мұнда оқушылар сабақтардың сценарийлерін өздері әзірлеп, бастауыш сынып оқушыларына тәлімгерлік етеді. Осылайша экологиялық мәселелерді зерттеуді қызықты әрі тартымды үдеріске айналдырады.
СНХР: ТАТЬЯНА АНИКИНА, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ АҚЖАН НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:
Экологиялық сауаттылықты арттырудан инженерлік шешімдерге дейін. Слетте таныстырылған тағы бір жоба рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мен қалдықтарды дұрыс басқармаудың зардаптарына арналған. Оның авторы, №13 орта мектептің оқушысы Валерия Завгородняя қоқысты қайта өңдеу жүйесін жетілдіруді ұсынады. Ол үшін тұрғындардың жауапкершілігін, коммуналдық қызметтердің жұмысын және заманауи технологияларды бір жүйеге біріктіру қажет.
СНХР: ВАЛЕРИЯ ЗАВГОРОДНЯЯ, №13 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:
Алайда жоба мұнымен шектелмейді. Егер бөлек жиналған қоқыс тасымалдау кезінде қайта араластырылса, тұрғындар бұл туралы «Таза Қазақстан» чат-боты арқылы хабарлай алады. Ал кәсіпорындарда қалдықтарды жасанды интеллекті бар роботтар сұрыптайды деген ұсыныс бар. Валерияның пікірінше, заманауи технологиялар қоқысты қайта өңдеу тиімділігін арттыра алады. Ең бастысы — үйден бастап зауытқа дейінгі барлық кезеңде қалдықтарды сұрыптау талаптары сақталуы керек. Осындай бастамаларды қолдау және оқушылар арасында тәжірибе алмасу — өңірдің жас экологтарын бір арнаға тоғыстырған облыстық слеттің негізгі міндеттерінің бірі.
СНХР: АҚМАРАЛ ИПОВА, №4 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, «ӨСКІН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Алда оқушыларды шеберлік сабақтары, практикалық тапсырмалар мен экологиялық жобаларға арналған тың идеялар күтіп тұр. Ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталады. Ал слетте жинақталған тәжірибе жас экологтарға өз мектептерінде жаңа бастамаларды жүзеге асырып, нақты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.