Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өседі
Ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына арналған жыл сайынғы Жолдауының басты тақырыптарының бірі болды. Солтүстікқазақстандықтар бұл ұсынысты ерекше қуанышпен қабылдады.
Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы мөлшерін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұл 1,8 миллион адамның, оның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам жұмыскердің табысын арттырады. Өсім кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ