29 қазан – Кәсіпкерлер күні
29 қазан – Қазақстанда Кәсіпкерлер күні. Осы кәсіби мерекеге орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі әлеуметтік желіде құттықтау жариялады. Өңір басшысы өз үндеуінде іскер азаматтарға бастамашылдығы, табандылығы мен ісіне адалдығы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ кәсіпкерлердің қызметкерлерге қамқорлық танытып, жерлестеріне жәрдемдесудегі және қоғамдық міндеттерді шешудегі белсенділігін жоғары бағалады.
2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 33 пайызды құрады. Бүгінде өңірде 33 мыңнан астам кәсіпкер жұмыс істейді, олар 97 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Бизнесті мемлекеттік қолдау экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Кәсіпкерлерді қорғауға және отандық өндірісті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Биылғы жылы екі бағдарлама аясында облыс кәсіпкерлеріне жалпы сомасы 10,2 миллиард теңгеге қолдау көрсетілді. Бизнес өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, облыс әкімі оларға бастамашылдығы, табандылығы мен өз ісіне адалдығы, сонымен қатар қызметкерлерге қамқорлық жасап, қоғамдық міндеттерді шешуге атсалысқаны үшін алғыс білдірді. Өңір басшысы кәсіпкерлерге мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке, сенімді серіктестер және жаңа жобалардың сәтті жүзеге асырылуын тіледі.