Негізгі Жаңалықтар Жедел көмек

Жедел көмек

Петропавлдық патрульдік полицейлер жарақат алған ер адамды ауруханаға шұғыл жеткізді. 

Әлеуметтік желіде жас жігіттің Петропавлдық патрульдік полицейлерге алғысын білдірген видеосы жарияланды. Ол полицейлердің әкесін санаулы минут ішінде ауруханаға жеткізгенін айтқан. Қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны осы оқиғаның мән-жайын айтып берді. 20 тамыз күні сағат 18:00 шамасында қалалық полиция экипажы Спорт сарайының маңында қызмет атқарып жүрген кезде көмек қажет деген хабарлама түскен. Шамамен 60 жастағы ер адамның қолы жарақаттанып, қатты қан кеткен. 

СНХР: Қуаныш Лябаев — Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының аға инспекторы 

Батальонның аға инспекторы, полиция капитаны Қуаныш Лябаев пен инспектор, полиция аға лейтенанты Азамат Қоржанкулов жарық және дыбыс сигналдарын қосып, ер адамды бес минут ішінде Тауфик Мұхамед-Рахимов көшесіндегі медициналық мекемеге жеткізді.  

Мұндай жағдайлар патрульдік полиция қызметінде аз кездеспейді. Бұл бөлімшенің инспекторлары күн сайын оқиғаның ортасында жүріп, адамдарға көмектесу барысында өз өмірлерін де қауіпке тігеді. Алайда қызметтің қарбаластығы мен полицейлердің қарапайымдылығына байланысты осындай көптеген әрекет көпшілікке беймәлім болып қалады. Бұл оқиға «Заң мен тәртіп» қағидатының қатаң шаралардан емес, адамға ең қажет сәтте көмек көрсетуге дайын болудан басталатынын көрсетеді.


  


Бөлісу

Аймақтық телеарналар