СҚО-да «Астана - Көкшетау - Петропавл - РФ шекарасы» автожолының жаңартылған 30 шақырымы ашылды
22 тамызда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының жаңартылған 30,2 шақырымдық учаскесін салтанатты түрде ашты. Мұнда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы қайта іске қосылды. Бұл жол – Солтүстік Қазақстандағы маңызды бағыттардың бірі. Ол өңірдегі көлік қатынасын қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстан мен Ресей арасындағы транзит үшін де аса маңызды рөл атқарады.
Бұл автожол Қазақстан мен Ресей арасындағы негізгі транзиттік бағыттардың бірі. Мұнда жүк және жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады. Соңғы жылдары көлік қозғалысы да айтарлықтай өскен. 2015 жылмен салыстырғанда, қазір жолдағы көлік қарқыны 80 пайыздан астам артқан.
СНХР: ДАРХАН ИМАНАШЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Жөндеу кезінде жолдың негізі күшейтіліп, төсемі толық жаңартылды. Қауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлінді. Жол бойына қоршаулар, жаңа белгілер мен сигналдық бағаналар орнатылып, қажетті инфрақұрылым жасалды. Аталған жұмысқа 138 жол-құрылыс техникасы мен 153 маман тартылған. Жобаның жалпы құны 17 миллиард теңгеден асады. Салтанатты ашылу рәсімінде СҚО әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов жолдың өңір үшін маңызын атап өтіп, жұмысқа атсалысқандарға алғыс білдірді.
СНХР: НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Енді жаңартылған учаске бойынша көлік қозғалысы қайта жанданды. Жолдың жаңаруы жүргізушілерге қолайлы жағдай жасап, осы бағыттағы транзиттік және күнделікті көлік қозғалысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.