Негізгі Жаңалықтар Алаяқтан абай болыңыз!

Алаяқтан абай болыңыз!

Қазіргі заманда алаяқтар жасанды интеллекттің көмегімен адамдарды алдаудың айла-тәсілдерін одан әрі күшейтті. Олар нейрожелілер арқылы кез келген адамның дауысы мен бейнесін дәл өз көшірмесі етіп қолдан жасай алады. Сонымен қатар, бұл озық технологиялар алаяқтарға әрбір адамның жеке деректерін лезде жинап, соларға арнайы хабарламалар ойлап табуға мүмкіндік береді.

Полиция интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді. Аккаунттар, соның ішінде WhatsApp мессенджеріндегі аккаунттар бұзылған жағдайда, алаяқтар туыстарыңыздың дауыс хабарламаларына қол жеткізуі мүмкін. Жасанды интеллект көмегімен алаяқтар таныс адамның дауысын пайдаланып, кез келген мәтінді дыбыстай алады. Кейін сол хабарламаларды туыстары мен таныстарына жіберіп, ақша қарызға беруді сұрайды.

СНХ: МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ – СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Бөлісу

Аймақтық телеарналар