Негізгі Жаңалықтар Облыстық тілдерді оқыту орталығының алдағы оқу жылына дайындығы пысықталды

Облыстық тілдерді оқыту орталығының алдағы оқу жылына дайындығы пысықталды

Петропавлда облыстық тілдерді оқыту орталығының алдағы оқу жылына дайындығын пысықтауға арналған маңызды жиын өтті. Басқосу барысында мекеменің биылғы жылға арналған жоспары жан-жақты талқыланып, өзекті мәселелері пысықталды. Сондай-ақ, орталықтың алдағы кезеңде атқарар жұмыстарымен танысқан мамандар білім беру сапасын арттырудың тиімді жолдарын қарастырды. 

Облыстық тілдерді оқыту орталығы 2016 жылы құрылған. Жалпы, орталықтың негізгі қызметі – ересектерді қазақ және ағылшын тілдеріне оқыту. Биылға дейін әр жыл сайын 140 топ ұйымдастырылып, оған 2,5 мыңнан астам адам қатысқан. 

СНХ: ОРАЛ ЖАНАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Айта кетейік, Астанада қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған ауқымды семинар өтіп,қазақ тілін оқыту әдістемесін бір жүйеге келтіру мәселесін талқылады. Жиын барысында ол өзгерістер жайлы әріптестеріне Орал Сәбитұлы баяндады. Жалпы, орталық оқытушыларының айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілер ғана емес, кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар тарапынан да тіл үйренуге деген сұраныс ерекше артып отыр.

СНХ: РОЗА МҰҒАЛИМОВА, ОҚЫТУШЫ

Жиын соңында өз ісіне адал, қажырлы еңбегімен көзге түскен орталықтың 2 оқытушысы арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар