Жұмысшы кентіндегі жаңа автожол өткелі ашылды
Петропавлда Жұмысшы кентіндегі жаңа автожол өткелінде көлік қозғалысы ашылды. Ұзаққа созылған құрылыстан кейін бұл нысан, әзірге «техникалық» режимде болса да, алғашқы көліктерді қабылдай бастады. Жергілікті тұрғындар үшін бұл шаһар орталығына төте баратын жаңа бағыт, ал қаланың жол жүйесі үшін көлік қозғалысын реттеуге берілген қолайлы мүмкіндік.
Таяуда ғана құрылыс алаңы болып жатқан аумақта бүгінде көліктер еркін қатынауда. Жұмысшы кентінің тұрғындары үшін бұл шаһар орталығына шығатын қосымша әрі қолайлы жол. Нысан біртіндеп қолданысқа беріліп жатыр, ал мердігерлер соңғы түйіндеу жұмыстарын әлі де жалғастыруда.
СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жаңа жолөткелінің тағы бір басты артықшылығы мұнда ауыр жүк көліктерінің өтуіне толық жағдай жасалған. Жолдың ені 10 метрді құрайды. Бұл инфрақұрылымы тар аудан үшін өте өзекті мәселе болатын. Жаңа бағыттың көлік қатынасына тигізер әсері жайлы мердігер ұйым өкілі айтып берді.
СНХ: МҰРАТ ХАРСИЕВ, «ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС СК» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Билік өкілдері жаңа нысанды толық іске қосып қана қоймай, іргелес аумақты да ретке келтіруді көздеп отыр. Атап айтқанда, Жұмысшы кентіндегі ішкі жолдар жөнделеді. Жобаға айналма жолдан бастап, көпір маңы мен Универсальная көшесінің бір бөлігін қамтитын 1,2 шақырым аймақ кіреді. Бұдан бөлек, келесі жылы Караван көшесіндегі қолданыстағы жолөтпені жаңарту жоспарланған. Соңғы рет 2014 жылы күрделі жөндеу көрген бұл көпірдің техникалық жағдайын қазір мамандар тексеріп жатыр. Ал жаңа жолөтпе барлық талаптарға сай ресми түрде толық жұмыстар аяқталған соң пайдалануға беріледі.