Негізгі Жаңалықтар «Жарнама – тіл тазалығы» байқауы ұйымдастырылды

«Жарнама – тіл тазалығы» байқауы ұйымдастырылды

Жарнама – тауар мен қызметті танытудың ғана емес, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтудің де маңызды құралы. Осы бағытта Қызылжар креатив орталығында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын сайыс биыл үш номинация бойынша өткізіліп отыр.

Байқау – мемлекеттік тілдің қазақстандық қоғам бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретіндегі рөлін арттыруды, «ҚР-дағы тіл туралы» заң талаптарының орындалуының қадағалануын, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты рәсімдеу жолдарын насихаттауды мақсат етеді. Аталған байқауды СҚО әкімдігіның мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды. 

СНХР: ЕРКЕШ ЕРДЕНОВА, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ 

Облыстық кезеңге 12 қатысушы жолдама алған. Олардың қатарында өңірдегі ірі ойын-сауық және сауда орталықтары, кәсіпкерлік субъектілері мен серіктестіктер бар. Әрбір ұйым өкілдері қазылар алқасына өз жұмыстарын таныстырып, арнайы презентациялар мен бейнероликтер ұсынды. Бес мүшеден құралған қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды бағалап, мемлекеттік тілдегі жарнама үлгілерін саралады. Қатысушылардың қатарында Айыртау ауданының атынан қатысып отырған «Пересвет» наубайханасы да бар. Компания бұл байқауға алғаш рет қатысып отыр. 

СНХР: АННА ЛОБИКОВА, БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ

Облыстық кезең қортындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Ал жүлдеге іліккен жобалар республикалық кезеңде Солтүстік Қазақстан облысының атынан ұсынылатын болады. Республикалық кезеңді тамыз айының соңында Астана қаласында өткізу жоспарланып отыр.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар