Құрылтай сайлауы -2026
Қызылжар ауданының орталығы Бескөлдегі 269 сайлау учаскесіне дауыс беруге келушілерге аудандық мәдениет үйіндегі «Бескөл нұры» халықтық ардагерлер хорының өкілдері тамаша мерекелік көңіл күй сыйлады. Олар тек әннен шашу шашып қана қоймай өздері де жұдырықтай жұмыла сайлауда бір адамдай дауыс беріп, аға буын өкілдерінің қаншалықты белсенді екендіктірін көпшілікке паш етті.
«Бескөл нұры» халықтық ардагерлер хорының құрылғанына биыл 20 жыл. 20 адамнан құралған өнер ұжымы осы аралықта аудан көлемінде өткен бір де бір айшықты оқиғалардан шет қалған емес. Бір отбасындай болған олар бұл жолғы құрылтай сайлауына дауыс беруге келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Осы күні хор мүшелері сайлау учаскесіне келген жұртшылық көңілін ғана аулап қоймай, өздері де ел ертеңіне бей-жай қарамайтындықтарын көрсетіп, барлығы бір мезетте дауыс беріп әрқайсысы өз таңдауларын жасады.
СНХ: САФУАН ЖИЕНТАЕВ - «БЕСКӨЛ НҰРЫ» ХАЛЫҚТЫҚ АРДАГЕРЛЕР ХОРЫНЫҢ МҮШЕСІ
Таң атқалы аталмыш учаскеге келіп өз таңдауларын жасаушылар легі толастаған емес. Сайлаудың әділ-әрі ашық өтуін тәуелсіз бақылаушылар жіті қадағалауда.
СНХ: НҰРСҰЛТАН ӨМІРЗАҚОВ – БАЙҚАУШЫ
269-шы сайлау учаскесінде тіркелгендер саны 1680 адам болса, солардың 32-сі өз таңдауларан жасау үшін дауыстарын үйде беруге өтініш білдірген.