Арманнан басталған кәсіп
«Шебердің қолы ортақ» демекші, Кішкенекөл ауылында ине-жіпті серік еткен ісмер бар. Айгүл Тілеукина өткен жылы мемлекеттік грант иеленіп, көптен бергі арманын жүзеге асырған. 1 миллион 500 мың теңге көлеміндегі қолдаудың арқасында тігінші жеке ательесін ашып, бүгінде тұрғындардың түрлі тапсырысын орындап жүр.
Айгүл Тілеукина тігіншілікпен бала кезінен айналысады. Оның сөзінше, ине мен жіптің қыр-сырын анасының жанында жүріп меңгерген. Кейін басқа салада еңбек етсе де, сүйікті ісін тастамай, тапсырыспен киім тігіп, түрлі бұйымдар әзірлеген. Ал өз ательесін ашу туралы арманы өткен жылы орындалды. Ұлының кеңесімен мемлекеттік грантқа қатысып, 1 миллион 500 мың теңге көлеміндегі қаржылай қолдауға ие болды.
СНХР: АЙГҮЛ ТІЛЕУКИНА, ТІГІН ШЕБЕРІ
Тігін шеберінің негізгі мамандығы – төртінші санатты аспаз. Десе де, Айгүл Тілеукина үшін жанына жақын іс – тігіншілік. Әсіресе күрделі бұйымдарды қайта пішіп, қалпына келтіруді ұнатады. Атап айтқанда шалбардың балағын қысқартудан бастап, сырт киімдер мен перделер тігуге дейін түрлі тапсырысты қабылдайды.
СНХР: АЙГҮЛ ТІЛЕУКИНА, ТІГІН ШЕБЕРІ
Бүгінде тігінші 2 қыз тәрбиелеп отыр. Сөзінше, олар да шығармашылыққа жақын болып, қолөнермен айналысады. Ал шебердің өзі алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, өз өнімдерін облыс көлеміне шығаруды көздейді.