Негізгі Жаңалықтар ІІМ цифрлық технологиялар арқылы жол қозғалысына бақылауды күшейтуде

ІІМ цифрлық технологиялар арқылы жол қозғалысына бақылауды күшейтуде

Дрондар, патрульдік автокөліктердегі мобильді кешендер, орташа жылдамдықты бақылау жүйелері және лазерлік кешендер полиция қызметкерлеріне жол жүрісі қағидаларының бұзылуын анықтауға, қауіпті жағдайларға жедел ден қоюға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі. 

Цифрлық технологиялар арқылы қала сыртындағы жолдарда көліктің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі қолданылады. Қазіргі таңда бұл жүйе республикалық маңызы бар 12 негізгі бағытта енгізілген. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін лазерлік жүйелер пайдаланылуда. Олар түнгі уақытта, ауа райы қолайсыз кезде және жүргізушінің шаршағанын немесе ұйқылы күйде отырғанын анықтауда ерекше маңызды. Цифрлық технологиялармен қатар жолдың жүру бөлігін жасанды түрде тарылту жұмыстары да жүргізілуде. Бұл жүргізушілердің жылдамдықты төмендетіп, жолға мұқият назар аударуына ықпал етеді.

БАҒЛАНБЕК АЙТПАЕВ, ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бөлісу