Абай күні
Облыс әкімі өңір тұрғындарын Абай күнімен құттықтады. Өңір басшысы ұлы қазақ ойшылы, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасының маңыздылығын атап өтті.
Құттықтауда Абай Құнанбайұлының мұрасы бүгінгі күні де рухани құндылықтардың маңызды қайнар көзі болып, ұлттық сана-сезімді нығайтуға, жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке, жауапкершілікке және қоғамға пайда келтіруге ұмтылуға тәрбиелейтіні айтылды. Мемлекет басшысының «Абайды тану – өзіңді тану» деген сөзіне де ерекше мән берілді. Ұлы ақынның шығармашылығын зерделеу және кеңінен насихаттау, оның рухани құндылықтарын сақтау әрі келер ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ міндет. Абай күні – оның даналығына тағы бір мәрте үңіліп, адамдарды ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырып, игі істер мен жаңа жетістіктерге шабыттандыратын маңызды күн.