Негізгі Жаңалықтар «Жастар-2026» облыстық спартакиадасы

«Жастар-2026» облыстық спартакиадасы

Өткен демалыс күндері Мамлют ауданында «Жастар – 2026» облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Үш күнге созылған спорттық додаға облыстың 13 ауданынан 600-ге жуық жас спортшы қатысты. 18 бен 23 жас аралығындағы қатысушылар спорттың бес түрінен бақ сынады. Жарыс Солтүстік Қазақстан облысы мен Мамлют ауданы әкімдіктерінің бірлесуімен ұйымдастырылды. 

Дәстүрлі спартакиаданың ашылу салтанатында жастар флешмоб биледі. Биылғы спорттық бәсеке Мамлют ауданында ұйымдастырылып, өңір жастарын бір алаңға жинады. Қатысушылар арқан тарту, жағажай волейболы, стритбол, футбол және грек-рим күресінен өзара мықтыны анықтады.

СНХР: СЕРІК КАНЖЕҒАЛИН, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ, МАМЛЮТ АУДАНЫ 

Жарыстың ашылуында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов сөз сөйлеп, қатысушыларды спартакиаданың басталуымен құттықтады. Ол мұндай ауқымды додалардың жастар үшін маңызын атап өтіп, спортшыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Сондай-ақ, салтанатты шеруде әр ауданның спорттағы жетістігі мен мерейін танытқан жас спортшылар көпшілікке таныстырылды. Командалар өз өңірлерінің намысын қорғауға дайын екенін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, «Жастар 2026» жазғы спатакиадасының туы көтіріліп, арнайы спартакиада алауы жағылды. 

Ашылу салтанаты өнерпаздардың әсем әні мен мың бұралған биіне ұласты. Концерттік бағдарлама көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, спорт мерекесінің сәнін келтірді.


Бөлісу