Есіл ауданында қиыршық тас өндіретін кәсіпорын жұмысын бастады
Құрылыс саласына қажетті материал енді Есіл ауданында өндіріледі. Өрнек ауылында магмалық жыныстардан текше тәрізді қиыршық тас шығаратын кәсіпорын іске кірісті. Инвенсторлар «Ника» кен орнынан жылына 800 мың тонна құрылыс материалын өндіруді жоспарлаған.
Техниканың іске кіріскеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Қазір экскаваторлар карьерді өндіріске дайындап жатыр. Мұнда үш сатылы тас ұсақтау кешені орнатылады.
СНХ: ДАМИР УСМАНОВ, «ЕСІЛ ТАУ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Кен орнындағы негізгі шикізат – риолит-порфир. Ол жоғары беріктігімен, аязға төзімділігімен және ұзақ уақыт тозбайтын қасиетімен ерекшеленеді. Сондықтан құрылыс саласында кеңінен қолданылады.
СНХ: КАМИЛЬ УСМАНОВ, «ЕСІЛ ТАУ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Кәсіпорын әлеуметтік жауапкершілік аясында Өрнек ауылының бірқатар мәселесін шешуге ат салыспақ. Компания ауылдық және аудандық әкімдікпен үш жақты келісімге отырды.
СНХ: МЕРЕКЕ ҚЫДЫБЕКОВ, АЛМАТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Мамандардың айтуынша, Есіл ауданында қазіргі уақытта 850 бизнес субъектісі бар. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 4,5 млрд теңге.
СНХ: НҰРМАШ РАМАЗАНОВ, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жоба өңірді сапалы құрылыс материалымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сырттан тасымалданатын өнім көлемін азайтады. Сонымен бірге бюджетке түсетін салық көлемі артып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.