Негізгі Жаңалықтар ІІМ есірткі жеткізу арналарының жолын кесуде

ІІМ есірткі жеткізу арналарының жолын кесуде

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі есірткі құралдарын жеткізу және тарату арналарының жолын кесуге бағытталған мақсатты іс-шараларды жалғастыруда. Алматы қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері 33 жастағы ер адамды ұстады. Оның автокөлігін тінту барысында ұнтақ тәрізді зат салынған 130 орама табылып, тәркіленді.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру кезінде есірткі құралдары, электрондық таразы, қаптама материалдары және тыйым салынған ұнтақты бөлшектеп орауға арналған өзге де заттар тәркіленді. Сонымен қатар Алматы облысында ірі көлемдегі есірткі партиясы жасырылған тағы бір орын анықталды. Тәркіленген заттың жалпы көлемі екі келі мефедронды құрады, бұл 10 мың бір реттік дозаға тең. Ірі партия полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында заңсыз айналымға түспей, тұтынушыларға жеткен жоқ. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ІІМ ЕСРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Бөлісу