Негізгі Жаңалықтар Энергия тиімділігін арттыруға бағытталған жоба мәресіне жетті

Энергия тиімділігін арттыруға бағытталған жоба мәресіне жетті

Петропавлда энергия тиімділігін арттыруға бағытталған «Градус комфорта» жобасы аяқталды. Театральная көшесі, 47 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің кіреберістері мен подъездері толық жаңартылды. Энергия үнемдейтін есіктер орнатылғаннан кейін, тұрғындардың өздері де бұл бастаманы қолдап, өз қаражаттарына косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Жоба аясында подъездерге тығыздағыш контуры мен есік жапқыштары бар жаңа энергия үнемдеуші есік блоктары орнатылды. Мұндай конструкциялар жылуды сақтауға және жылу шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Жаңғырту жұмыстары Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен және тұрғындардың қаржыландыруымен ENABLE гранттық бағдарламасы аясында жүзеге асты.

СНХ: СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПИК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ 

Бастаманың нәтижесін көрген тұрғындар жаңа есіктерді орнатумен ғана шектелмеуді ұйғарған. Олардың айтуынша, жаңартылған кіреберіс аймағы подъездің ішкі көрінісіне де сай болуы тиіс. Содан соң тұрғындар барлық подъездегі косметикалық жөндеуді өз күштерімен әрі өз қаражаттарына жүргізіп шықты.

Қазіргі таңда кейпі өзгерген тұрғын үй алдағы жылыту маусымына дайын. Тұрғындар үшін бұл жоба сырттан келген қолдау мен жеке бастаманың тоғысуы тұрмыс жағдайын қалай өзгерте алатынына жарқын мысал болды.


Бөлісу