Негізгі Жаңалықтар Солтүстіктен тарту: Семейде Рәміздер алаңы ашылды

Солтүстіктен тарту: Семейде Рәміздер алаңы ашылды

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» адамзатты ардақтауға шақырған Ұлы ақынның туған күнінде СҚО Семей қаласына Рәміздер алаңын тарту етті. Бұл - «Абайға құрмет» бастамасы аясында пайдалануға берілген алғашқы нысан. Рәміздер алаңы – қоғамдық-мәдени кеңістігінің салтанатты ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов қатысты. 

Абайды тану – өзіңді тану. Абайды құрметтеу – ұлтты құрметтеу. Берік Уәли алдымен «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Ұлылыққа тағзым ету – ұрпақ парасатының өлшемі емес пе?! 

Рәміздер алаңы. Теріскейдің тартуы - бұл. Мағжанның елі Абайдың еліне жасаған сияпаты. Рәміздер алаңы - «Абайға құрмет» акциясы аясында пайдалануға беріліп отырған алғашқы нысан. Алаң құрылысы биылғы жылдың ақпан айында басталған тұғын. 

Рәміздер алаңы - Бейбітішілік аралында, «Өлімнен де күшті» монументіне қарсы бетте, Бейбітшілік стелласына барар жолдың оң жағында. Талғам таразысына салсақ, үш композиция үйлесім тапқан. Қырық жыл қырғынның қасіреті де, бейбітшілікке ұмтылған елдің бейнесі де, Көк Туы желбіреген айбынды мемлекетті көруге болады. 

БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

«Рәміздер алаңы» – Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Әнұранды біртұтас сәулеттік ансамбльге біріктірген жаңа қоғамдық кеңістік. Алаңның жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Алаңда жаяу жүргіншілерге арналған кеңістік, демалыс орындары, орындықтар мен көгалдандырылған гүлзарлар қарастырылған.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

 Айта кетсек, «Абайға құрмет» аясында Семейдің әр аумағында бірқатар жаңа нысан салынып жатыр. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта Маңғыстау облысының сыйлығы – Достық үйі, Шымкент қаласының тартуы – шығармашылық орталық, Алматы қаласының сыйлығы – медиаорталық, Павлодар облысының тартуы – үстел теннисі орталығы бой көтеруде. Қаланың сол жағалауында Ақтөбе облысының сыйлығы – Жекпе-жек сарайының құрылысы басталды.


Бөлісу