СҚО-да жыл басынан бері жол апатынан 25 адам мерт болды
Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Челябі – Новосібір» автожолының апат қаупі жоғары учаскесінде полиция қызметкерлері жолдың жүру бөлігін уақытша тарылтты.
Аудан орталығы Булаевоның маңында арнайы шектеу құралдары орнатылды. Соның арқасында жүргізушілер елді мекенге жақындаған кезде жылдамдықты төмендетіп, жол жағдайын мұқият бағалауға мәжбүр болды.
СНХР: Асан Мейрамов — Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің бастығы
Мұндай жұмыстың өзектілігін статистика да көрсетеді. Жыл басынан бері СҚО аумағында 287 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 25 адам қаза тапты. Оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда 48 жол-көлік оқиғасы болып, 19 адам қаза болған. Жоғары жылдамдықтағы жолдарда жүргізушілердің қателігі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Іс-шара «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді.
СНХР: Асан Мейрамов — Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің бастығы
Полиция қызметкерлері дронның көмегімен жолдағы жағдайды бақылап, көліктерді тексерді және жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізді. Олар шаршаған күйде көлік жүргізуге жол берілмейтінін, жылдамдық режимін бұзудың және қарсы қозғалыс жолағына шығудың қауіпті екенін еске салды.
СНХР: Асан Мейрамов — Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің бастығы
Бұған дейін полиция қызметкерлері осындай жұмысты Қызылжар және Мамлют аудандарында жүргізген болатын. Тәртіп сақшылары атап өткендей, құқық бұзушылықтарды анықтап, айыппұл салу — басты мақсат емес. Барлық рейдтік іс-шаралар мен профилактикалық акциялардың негізгі міндеті — жолдардағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 10 тамызда басталған республикалық жедел-профилактикалық іс-шара 12 тамызда аяқталады.