«Абай сөзі – ұрпаққа өнеге» атты әдеби – музыкалық кеш өтті
Қызылжар ауданы Бескөл ауылының орталық кітапханасында Абай күні ерекше форматта атап өтілді. Мұнда әр буынның басын қосқан «Абай сөзі – ұрпаққа өнеге» атты ауқымды әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды.
Алпыс жылға жуық тарихы бар бұл мәдени орда бүгінде ауыл тұрғындарының рухани азық алатын сүйікті орнына айналған. Қазіргі таңда кітапхана қоры 30 мыңға жуық басылымды қамтиды. Мұнда түрлі жас ерекшеліктерін қамтитын кітап көрмелері мен тақырыптық кештер дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
СНХ: ЭЛЬМИРА ҚАБИЕВА – ҚЫЗЫЛЖАР ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Рухани кешке тек ауыл тұрғындары ғана емес, ауданның басқа елді мекендерінен де арнайы қонақтар келді. Олардың қатарында өскелең ұрпақты қазақ әдебиеті мен рухына баулып жүрген ұлағатты ұстаздар бар. Солардың бірі – Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, Прибрежное ауылынан арнайы келген ардагер ұстаз Зейнеп Таныбаева.
СНХ: ЗЕЙНЕП ТАНЫБАЕВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ
Бұл күні кітапхана қабырғасында Абай шығармашылығы сан алуан форматта көрініс тапты. Жас оқырмандар мен мектеп оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Мұндай мазмұнды кездесулер жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық рухани мұрамызды терең түсінуге жол ашады.