Абай сөзі – мәңгілік мұра
Облыс орталығында Абай күніне орай «Абай сөзі – мәңгілік мұра» атты флешмоб өтті. Өңір жастары ұлы ақын рухына тағзым етіп, игі бастаманы белсенді түрде қолдады. Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың ұлы ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының бай әдеби және рухани мұрасын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.
Шара барысында қатысушылар хакім Абайдың өсиеттері мен даналық сөздерінің маңызына тоқталып, оның өшпес мұрасы жастардың бойында отансүйгіштік пен білімге деген ұмтылысты оятатын темірқазық екенін атап өтті. Жастарға Абайдың шығармашылық жолы мен ұлттық мәдениетке қосқан үлесі туралы дәріс оқылып, домбырада күй тартылды. Сондай-ақ қатысушыларға ақын шығармалары мен «Қара сөздері» жазылған ашықхаттар таратылды. Шамамен 50 адамды біріктірген шара жастардың ұлы ақын мұрасына деген қызығушылығын арттырып, білім, руханият және өзін-өзі жетілдіру секілді құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
СНХ: АЙГҮЛ ЕСЕНҒАЛИЕВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
СНХ: НҰРӘЛІ МҰХАМЕДЖАН, СТУДЕНТ