Негізгі Жаңалықтар Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі – басты назарда

Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі – басты назарда

Солтүстік Қазақстанда полиция жастардың спорттық мерекесінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында жаңғыртылған «Жастар» стадионының ашылуы өтіп, спартакиада ұйымдастырылды. Оған облыстың түкпір-түкпірінен 1500-ге жуық қонақ жиналды. Оның ішінде 18 бен 23 жас аралығындағы 640 спортшы және оларды сүйемелдеушілер бар. Стадионның ашылуы мен спорттық шара Мамлютка тұрғындарының да қызығушылығын тудырды. Үш күнге созылған спорттық іс-шара барысында қоғамдық және жол қауіпсіздігін Мамлют ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы мен облыстық полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері қамтамасыз етті. Полиция қызметкерлері спорт нысанында, қонақтар орналасқан орындарда және көрермендер көп жиналған аумақтарда тәулік бойы кезекшілік атқарды.

Жарыстар арасында полиция қызметкерлері волонтерлермен бірге отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, балалар жарақатының және жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

СНХР: Махабат Шайкенова – СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы

Сонымен қатар тәртіп сақшылары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында іске қосылған Telegram мессенджеріндегі жаңа TazaQazBot боты туралы айтып берді.

Бот арқылы заңсыз қоқыс орындары, қоқыстың уақытылы шығарылмауы, көшелердегі жарықтандырудың істемеуі, жол жабындысының бүлінуі және басқа да мәселелер туралы хабарлауға болады. Ол үшін мәселені фотоға түсіріп, нақты мекенжайды немесе геолокацияны көрсетіп, хабарлама жіберу жеткілікті. Ақпарат полиция қызметкерлеріне, жергілікті атқарушы органдарға, экологтар мен прокурорларға жолданады. Полиция қызметкерлері мен волонтерлер, сондай-ақ Мамлютка тұрғындары мен қонақтары QR-коды бар бот туралы жадынамалар таратуға қатысты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және профилактика жүргізу – «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясындағы полиция жұмысының негізгі бағыттарының бірі. 


Бөлісу