Негізгі Жаңалықтар Абай өлеңдері - ұрпақ үні

Абай өлеңдері - ұрпақ үні

Облыстық әкімдіктің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Абай – дана, Абай – дара» атты көркемсөз оқу байқауы өтті. Абай мен Пушкин ескерткіштері алдында өткен сайыста қатысушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. 

Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне кеңінен насихаттауды мақсат еткен байқауға түрлі этнос өкілдері қатысты. Қатысушылар Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, мемлекеттік тілде өз өнерлерін ортаға салды. Осылайша, ұлы ақынның шығармалары ұлттар арасындағы рухани байланысты нығайтатын ортақ құндылыққа айналды.

МАРИНА САМОЙЛЕНКО, ҚАТЫСУШЫ

Қатысушыларға қойылатын басты талап – тіл тазалығы. Әсіресе қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуы, өлеңді мәнерлеп жеткізуі және сахнада өзін ұстауы бағаланды. Байқау қорытындысын қазылар алқасы осы талаптар негізінде саралады.

ОРАЛ ЖАНАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен қатысушылар Бас жүлде, I, II және III дәрежелі дипломдармен, арнайы номинациялармен марапатталды. Ал белсенділік танытып, байқауға қатысқандарға алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар Бас жүлде иегері мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар берілді.


Бөлісу