Негізгі Жаңалықтар Өңірде жыл басынан бері интернет – алаяқтықтың 370-тен астам дерегі тіркелді

Өңірде жыл басынан бері интернет – алаяқтықтың 370-тен астам дерегі тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 371 дерегі тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,5%-ға төмен. Дегенмен, босаңсуға әлі ерте. Алаяқтар бөтеннің ақшасына ие болу үшін жаңа схемалар мен сылтауларды ойлап табуын жалғастыруда.

Медициналық тексеруден өту, қан тапсыру немесе қосымша флюорография жасау. Алаяқтар өңір тұрғындарының сеніміне кіру үшін осындай сылтауларды пайдаланып, емхана немесе аурухана қызметкері ретінде хабарласады. Тіпті бұдан бөлек, тұрғындарды жаңылыстыру үшін домофон кілттерін ауыстыру сияқты тұрмыстық сылтауларды да жиі қолданады.

МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Тәртіп сақшылары жыл басынан бері 76 қылмыстың бетін ашқан болса, соның 58-і ауыр қылмыстар қатарына жатады. Мамандардың ескертуінше, бұл қауіптің ауқымы кең: жасыңызға немесе алған біліміңізге қарамастан, алаяқтардың арбауына кез келген адам ілінуі мүмкін. 

СНХ: МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Тәртіп сақшылары егде жастағы азаматтармен жұмысқа баса мән береді. Көбіне алаяқтардың арбауына түсетін аға буын өкілдерін қорғау мақсатында арнайы профилактикалық түсіндіру жұмыстары мен жеке кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Бөлісу