«Таза Қазақстан - таза қоғам»
СҚО-да «Таза Қазақстан – таза қоғам» экологиялық акциясы өтті. Петропавлда прокуратура, полиция, пробация қызметінің өкілдері, әкімдік қызметкерлері, еріктілер және пробация есебінде тұрған азаматтар бірлесіп, қоғамдық аумақтарды тазалауға шықты.
Петропавлда акцияға қатысушылар үшін Ойқала ықшам ауданынан алты аумақ белгіленді. Тазалық жұмыстары Тухачевский, Февральская, Павлов, Потанин, Смирнов және Интернационал көшелерінде жүргізілді. Жиналған қауым қоқыстарды тазалап, қоғамдық орындарды ретке келтірді.
СНХР: КЕНЕСАРЫ МҰХАМЕТЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ:
Экологиялық іс-шараға жалпы 700-ден астам адам қатысса, оның 400-ден астамы пробация есебіндегі азаматтар. Мұндай қоғамдық пайдалы жұмыстар олардың әлеуметтік бейімделуіне және қайта құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар әлі де жалғасын табады. Мақсат қаланы таза ұстаумен қатар, пробация бақылауындағы азаматтардың қоғамға қайта араласып, толыққанды өмір сүруіне көмектесу.