Негізгі Жаңалықтар Ұлы ақынға тағзым

Ұлы ақынға тағзым

Абай Құнанбайұлының туған күніне орай облыс орталығындағы Абай мен Пушкина ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, қос алып ақынның рухына тағзым етілді. Рәсімге зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен жастар қатысып, әдебиет алыптарының мұрасын ұлықтады.  

Абай есімі қазақ руханиятының алтын қорында айрықша орын алады. Оның өлеңдері мен қара сөздері ұлттың ой-санасын оятып, білім мен адамгершілікке үндейтін құндылыққа айналды. Бүгінде ақынның тағылымы кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар болып, оның шығармашылық мұрасы ел жадында жаңғырып келеді.  

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ақын мұрасын ұлықтаған шарадан жастар да тыс қалмады. Жас буын үшін бұл – ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, Абайдың өнегелі сөздерін тереңірек тануға мүмкіндік беретін тағылымды кездесу

АЛМАГҮЛ ТАСТАНОВА, АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ 

Абайдың асыл мұрасы – уақыт өткен сайын маңызы арта түсетін рухани қазына. Ұлы ақынның өнегесі ұрпақ санасында жаңғырып, ел жадында мәңгі сақтала бермек. 

Бөлісу